Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы балабақшаға қабылдау басталады

    Ақтөбе қаласында мемлекетттік 300 орындық арнайы балабақшаға балаларды кезекке қою және қабылдау жұмысы басталғанын хабарлаймыз.
    Жаңа балабақша ағымдағы жылдың қараша айында Ақтөбе қаласының Есет батыр тұрғындар алабында ашылады.
    Мектепке дейінгі ұйым ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арнайы қызмет көрсетуге бағытталған:

    - тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар;
    - көру, есту қабілеті бұзылған балалар;
    - сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балалар;
    - зияткерлік дамуында бұзылыстары бар балалар.
    Балабақшада балалардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, арнайы педагогикалық қолдау және түзете-дамыту жұмыстары ұйымдастырылады.
    Құрметті ата-аналар!
    Балаларды балабақшаға кезекке қою, қабылдау баланың жас ерекшелігі, қажеттілігі мен бос орындарды ескере отырып, «DaraBala» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының білім басқармасы" жаңалықтары