Ақтөбе облысының білім басқармасы

    Жалпы ақпарат

    - білім беру үдерісінің үздіксіздігін және сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында облыстың біртұтас білім кеңістігін дамыту стратегиясын әзірлеу және жүзеге асыру;

    - мектепке дейінгі және ақысыз бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімді жалпыға бірдей қолжеткізуге, сонымен қатар жалпы білім беру мекемелерінде қосымша білім алу үшін мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету;

    - мүмкіндігі шектеулі тәрбиеленушілер, жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін негізгі жалпы білім беру бағдарламалары бойынша жалпыға бірдей қолжетімді мектепке дейінгі және ақысыз жалпы білім беруді ұйымдастыру;

    - жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедек балалардың конституциялық құқығы мен заңды мүдделерін, сонымен қатар оқушылар (тәрбиеленушілер) мен облыстық мемлекеттік білім беру мекемелерінің педагогикалық қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету;

    - жалпы қолжетімді және сапалы білім беруді жетілдіру бойынша бағынысты білім беру мекемелерінің қызметін дамытуға бағытталған кешенді іс-шараларды анықтау және жүзеге асыру

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларын мектепке дейінгі ұйымдармен қамту мақсатында жеңілдіктер қарастырылатын бола ма?

    Жауап

    Әлеуметтік осал санаттағы отбасыларды қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. 70%-дық жеңілдікті 921 тәрбиеленушінің ата-анасы қолданып отыр. Жалпы облыс бойынша аталған санаттағы балалардың тамақтануына жергілік бюджеттен 95,0 млн. теңге қарастырылған. ӘКК алатындардың тізіміне қарай жеңілдік алатындардың саны өзгеріп отырады. Ол үшін МДҰ әкімшілігіне хабарласу қажет.

    Сұрақ

    Биыл колледждерге қабылдау тәртібі өзгерді. Қабылдау тәртібі қандай? Тегін білім беріле ме?

    Жауап

    2021-2022 оқу жылына жергілікті бюджет есебінен 3666, «Еңбек» бағдарламасы бойынша 1085 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылады (барлығы 4751 орын). Ақтөбе облысы абитуренттерді іріктеу, қабылдаудың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету үшін «SmartNation» бірыңғай порталын таңдады. 20 маусымнан бастап колледждерге құжаттар қабылданып жатыр. Құжаттар 25 тамызға дейін қабылданады. Биылғы ерекшілік – қабылдау емтихандары өткізілмейді. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және денсаулық жағдайы туралы медециналық анықтамаларды алуда туындаған қиындықтарға байланысты Білім және ғылым министрі білім беру ұйымдарына (балабақшаларға, мектептерге, колледждер мен жоғары оқу орындарына) құжаттарды медициналық анықтамаларсыз қабылдауға уақытша рұқсат беру туралы бұйрық қойылды. Қазір білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау Egov.kz электронды үкімет порталы арқылы онлайн режимінде жүзеге асырылып жатыр.

    Сұрақ

    Облыстағы білім беру ұйымдарында балаларға қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қабылдануда?

    Жауап

    Бүгінде, облыстағы 689 мемлекеттік білім беру ұйымдарының барлығы бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген, 100% жылы дәретханалармен жабдықталған. 38 мектеп полиция органдарының жедел басқару Орталығына қосылған және бұл тек алғашқы қадам ғана. Ары қарай күзет дабылын қосу, мамандандырылған күзет енгізу бағытында шаралар қабылдануда.

    Сұрақ

    Өңірде педагогтың мәртебесін көтеру мақсатында қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

    Жауап

    Облыста педагогтерді дамыту мен қолдаудың барлық шаралары алынып, олардың өз саласындағы жетістіктері жеке көтермеленді. Мысалы, "Үздік педагог" конкурсының республикалық кезеңінің жеңімпаздары (4 жеңімпаз: 3-мектеп, 1-колледж педагогі) 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде марапат алды, тиісті марапаттар өңірлік деңгейде де қарастырылды (3 педагог – 300 АЕК). Облыстың білім беру қызметкерлеріне жергілікті ерекшелік белгісі, атап айтқанда, «Ақтөбе облысының үздік педагогі» төсбелгісі (1 педагог - 500 АЕК), «Ақтөбе облысының құрметті ұстазы» құрметті атағы (3 педагог – 300 АЕК) , біржолғы сыйақы төлемдері тағайындалды.

    Сұрақ

    Келесі оқу жылында оқу қалай ұйымдастырылады?Биыл мектептер ашыла ма, жоқ па? 1 қыркүйекте мектепте салтанатты жиналыс бола ма?

    Жауап

    Барлығы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға, өзімізді қалай ұстайтынымызға байланысты. Егер халықтың басым бөлігіне вакцина еге алсақ, егер барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен шектеулерді сақтасақ, қыркүйектен бастап барлық білім беру мекемелерін, бірінші кезекте мектептерді аша аламыз деп ойлаймын

    Сұрақ

    Үш ауысымдық мектептер мәселесі шешілді ме? «Нұр-Ақтөбе», «Батыс» аудандары сынды халық тығыз шоғырланған жерлерде мектептерде орын саны жетпей жатады.

    Жауап

    Бүгінгі күнге, облыс бойынша 9 үш ауысымды мектеп бар, соның 7-і Ақтөбе қаласында орналасқан. Ағымдағы жылы облыс бойынша 20 мектеп құрылыс жүзеге асырылуда, соның ішінде 7 жоба үш ауысымды мектептер мәселесін шешуге бағытталған. Жаңа тұрғын үй құрылыстары есебінен «Нұр-Ақтөбе», «Батыс» тұрғын үй массивтерінде халық саны айтарлықтай өсіп отыр. Бұл, өз кезегінде осы аудандарда орналасқан мектептердегі оқушы орнының тапшылығын тудыруда. Орын алған мәселені шешуге бағытталған «Нұр-Ақтөбе» тұрғын үй массивінің 4-шағын ауданында 900 орындық 1 мектеп және «Батыс» тұрғын үй массивінде жеке инвестор есебінен 1 мектеп құрылысы жүргізілуде.

    Хабарландыру

    «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ-сі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурс жариялайды

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ-сі бос басшы лауазымдарына конкурс жариялайды

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    Ақтөбе облысының білім басқармасы ММ-нің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы ақпарат

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ-сі мектепке дейінгі ұйымдарының бос басшы лауазымдарына конкурс жариялайды

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ-сі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурс жариялайды

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ-сі орта білім беру ұйымдарының бос басшы лауазымдарына конкурс жариялайды

    Жарияланды: