Үш ауысымдық мектептер мәселесі шешілді ме? «Нұр-Ақтөбе», «Батыс» аудандары сынды халық тығыз шоғырланған жерлерде мектептерде орын саны жетпей жатады.
Бүгінгі күнге, облыс бойынша 9 үш ауысымды мектеп бар, соның 7-і Ақтөбе қаласында орналасқан.
Ағымдағы жылы облыс бойынша 20 мектеп құрылыс жүзеге асырылуда, соның ішінде 7 жоба үш ауысымды мектептер мәселесін шешуге бағытталған.
Жаңа тұрғын үй құрылыстары есебінен «Нұр-Ақтөбе», «Батыс» тұрғын үй массивтерінде халық саны айтарлықтай өсіп отыр. Бұл, өз кезегінде осы аудандарда орналасқан мектептердегі оқушы орнының тапшылығын тудыруда.
Орын алған мәселені шешуге бағытталған «Нұр-Ақтөбе» тұрғын үй массивінің 4-шағын ауданында 900 орындық 1 мектеп және «Батыс» тұрғын үй массивінде жеке инвестор есебінен 1 мектеп құрылысы жүргізілуде.