Өңірде педагогтың мәртебесін көтеру мақсатында қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
Облыста педагогтерді дамыту мен қолдаудың барлық шаралары алынып, олардың өз саласындағы жетістіктері жеке көтермеленді. Мысалы, "Үздік педагог" конкурсының республикалық кезеңінің жеңімпаздары (4 жеңімпаз: 3-мектеп, 1-колледж педагогі)1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде марапат алды, тиісті марапаттар өңірлік деңгейде де қарастырылды (3 педагог – 300 АЕК).
Облыстың білім беру қызметкерлеріне жергілікті ерекшелік белгісі, атап айтқанда, «Ақтөбе облысының үздік педагогі» төсбелгісі (1 педагог - 500 АЕК), «Ақтөбе облысының құрметті ұстазы» құрметті атағы (3 педагог – 300 АЕК), біржолғы сыйақы төлемдері тағайындалды.