Ақтөбеде даму ерекшеліктері бар жастардың кәсіби білім алып, жұмысқа орналасуына мүмкіндік жасалады. Биыл қараша айында Ақтөбе сервис колледжінің базасында өңірдегі алғашқы оқу-өндірістік комбинат ашылады. Мұнда қатысушылар кондитер мамандығын меңгеріп, тәжірибе жинақтайды.
Жобаны іске қосу мәселесі бүгін Ақтөбе облысының білім басқармасында талқыланды. Кездесу барысында басқарма мен «Bolashak Charity» қоғамдық қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат өңірде жобаны жүзеге асыруға негіз болады.
Ақтөбе оқу-өндірістік комбинаттар жобасы іске асырылатын Қазақстанның бесінші қаласы атанады. 2024 жылдан бері мұндай бағдарламалар Астана, Қарағанды, Орал және Атырау қалаларында жұмыс істеп келеді.
Алғашқы топқа 16–23 жас аралығындағы, интеллектуалдық және мінез-құлық ерекшеліктері бар 10 жас қабылданады. Олар алты ай бойы колледж базасында кондитер мамандығын меңгереді. Оқу аяқталған соң түлектерге мемлекеттік үлгідегі куәліктер беріледі.
Бағдарламаның маңызды бөлігі — нақты жұмыс жағдайында тәжірибе жинақтау. Оқудың үшінші айынан бастап қатысушыларды жергілікті наубайханада тәжірибеден өткізу жоспарланып отыр. Бұл оларға алған білімдерін іс жүзінде қолданып, болашақта жұмысқа орналасуға дайындалуға мүмкіндік береді.
Ақтөбеде даму ерекшеліктері бар жастарға арналған алғашқы оқу-өндірістік комбинат ашылады
Ұқсас материалдар

"Мұнай Инвестмент Груп" ЖШС Түркістан қаласындағы ұнай сақтау базасында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді
Ашу
Ақтөбе облысында «Үздік ГТҚҚ буыны» анықталды
Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және халықтың құқық бұзушылықтардың алдын алу саласында хабардар болуын арттыру жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың жүзеге асырылу қорытындылары бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті
Жітіқара ауданының әкімдігіАшу
БАРШАҒА АРНАЛҒАН ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ
Абай ауданының әкімдігіАшу
ҚАЗАҚСТАННЫҢ НЕГІЗГІ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ АКТІЛЕРІ АУДИОНҰСҚАДА ҚОЛЖЕТІМДІ
Француз Республикасындағы Қазақстан Республикасының ЕлшілігіАшу
"Ақтөбе облысының білім басқармасы" жаңалықтары

Республика күні қарсаңында Ақтөбеде AQTOBE IT HUB инновациялық оқу орталығы ашылды
Ақтөбе облысының білім басқармасыАшу
«Нектар» арнайы балабақшасына меңгеруші тағайындалды
Ақтөбе облысының білім басқармасыАшу
Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінің директоры тағайындалды
Ақтөбе облысының білім басқармасыАшу
«Облыстық арнайы мектеп-бақшасы» КММ директоры тағайындалды
Ақтөбе облысының білім басқармасыАшу
Ақтөбеде «Тең мүмкіндіктер» облыстық инклюзивті спорт фестивалі өтті
Ақтөбе облысының білім басқармасыАшу