Ақтөбе облысының білім беру ұйымдарында оқушыларға патриоттық тәрбие беру, олардың бойында тәртіп, құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Бұл бағыттағы маңызды бастамалардың бірі – кадет сыныптарын ашу. Мұндай сыныптарда оқушылар Отанға қызмет етудің негіздерімен танысып, әскери-қолданбалы дайындық дағдыларын меңгереді және ұжыммен жұмыс істеуге үйренеді.
Осы орайда Ақтөбе қаласындағы №27 мектеп-лицейде «Жас сақшы – ел қорғаны, Адал азамат – ұлт мақтанышы!» ұранымен кадет сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шара Ақтөбе облысының Полиция департаментімен ынтымақтастық аясында ұйымдастырылды.
Салтанатты шараға Ақтөбе қаласының білім бөлімінің басшысы Меткуль Косымбаева, Ақтөбе қаласы Полиция басқармасы Астана ауданы №1 қалалық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Ерболат Масакбаев, сондай-ақ Ақтөбе облысы Полиция департаменті Жеке құраммен жұмыс басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Тавке Абдуллин қатысты.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын енгізу және Мемлекеттік Әнұранды орындаумен басталды. Салтанатты рәсім барысында жас кадеттер ант қабылдап, арнайы куәліктерге ие болды.
Мерекелік бағдарлама аясында «Шабыт» би ансамблі өнер көрсетіп, патриоттық әндер шырқалды. Сонымен қатар таэквондодан көрсетілімдер мен әскери-қолданбалы дайындық элементтері ұсынылды. Оқушылар өздерінің дайындығын, тәртібін, ұйымшылдығы мен шеберлігін көрсетті.
Кадет сыныптарының ашылуы – жас ұрпақты отансүйгіштікке, заңға құрметпен қарауға, жауапкершілікке және қоғамға адал қызмет етуге тәрбиелеудегі маңызды қадам.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








