25–30 қараша аралығында Астана қаласында еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік жас мамандар бас қосатын WorldSkills Kazakhstan 2026 республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді.
Ақтөбе облысының атынан «Тоңазытқыш техникасы және кондиционерлеу жүйелері» құзыреттілігі бойынша Ақтөбе автожол колледжінің студенті Танатов Әлішер өнер көрсетеді. Қазіргі уақытта ол колледждің әлеуметтік серіктесі — sheber.cool.tech кәсіпорнының базасында кәсіби дайындықтан өтуде.
Студенттің дайындығына кәсіпорын басшысы Нұрбол Кетебаев жеке атсалысуда. Ол болашақ маманмен өз тәжірибесімен бөлісіп, кәсіби дағдыларын жетілдіруге және чемпионатта сәтті өнер көрсету үшін қажетті тапсырмаларды пысықтауға көмектесуде.
Дайындық жұмыстары күшейтілген режимде, жеке тәсіл мен жоғары нәтижеге бағытталған. Колледж бен әлеуметтік серіктес арасындағы мұндай ынтымақтастық еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда маңызды рөл атқарады. Республикалық чемпионаттың жеңімпазы халықаралық WorldSkills чемпионатында Қазақстан атынан өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









