Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің директоры тағайындалды

    Махсут Жиенқожаев Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің директоры болып тағайындалды.
    Әр жылдары білім беру ұйымдарында басшылық және педагогикалық қызметтер атқарған. Қазақстан-Ресей халықаралық университетінің Жаңақазалы оқу-ғылыми орталығының, Батыс көлік институтының, Қазақстан инженерлік-экономикалық университетінің Ақтөбе оқу-консультациялық пунктінің директоры болып жұмыс істеген.
    Ақтөбе теміржол көлігі колледжінде оқу-өндірістік және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары қызметтерін атқарған. Кейін Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары болып жұмыс істеген.
    Сондай-ақ Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Ғылым және инновациялық бағдарламалар департаментінің директоры қызметін атқарып, өңірдің жоғары оқу орындарында оқытушылық қызметпен айналысқан.
    2022 жылдан бастап Әйтеке би көпсалалы колледжін басқарды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының білім басқармасы" жаңалықтары