Ақтөбе сервис колледжінің директоры тағайындалды

    Жасұлан Оразханов Ақтөбе сервис колледжінің директоры болып тағайындалды.
    Жасұлан Оразхановтың білім беру саласында және мемлекеттік басқару жүйесінде мол еңбек тәжірибесі бар. Әр жылдары Батыс Қазақстан заң институтында аға оқытушы, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті жанындағы көпсалалы колледж директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, аталған университеттің заң факультетінде аға оқытушы қызметтерін атқарған.
    2019–2025 жылдары Ембі қызмет көрсету саласы колледжін, ал 2025 жылғы наурыздан 2026 жылғы қыркүйекке дейін Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжін басқарған.
    Сонымен қатар еңбек жолында мемлекеттік басқару және кәсіпкерлік салаларында да қызмет атқарған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының білім басқармасы" жаңалықтары