30 қазанда Астана қаласында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасындағы «Жұлдыз болғым келеді» республикалық би байқауының финалы өтті.
Байқауға Қазақстанның барлық өңірінен 140 балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты. Ақтөбе облысының намысын арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы «Аяланың» тәрбиеленушілері қорғады.
Өнер додасының қорытындысы бойынша орталық тәрбиеленушілері І орынға ие болып, 1,5 млн теңге көлеміндегі ақшалай жүлдені жеңіп алды.
Балаларды және олардың тәлімгерлерін лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Алда бұдан да жарқын өнер көрсетіп, жаңа жетістіктерге жете беріңіздер!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








