Ақтөбеде «Адал азамат» республикалық театр өнері фестивалі өтуде

    Бүгін Ақтөбе қаласындағы Шығармашылық академиясында балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Адал азамат» республикалық театр өнері фестивалі өтуде.
    Фестивальге Астана қаласынан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Атырау, Маңғыстау, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола және Ақтөбе облыстарынан келген балалар театр ұжымдары қатысуда.
    Жас өнерпаздар үш номинация бойынша өз өнерлерін көрсетеді: драма театры, комедия театры және музыкалық театр.
    Фестивальдің негізгі мақсаты – театр өнері арқылы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын насихаттау, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін қолдау және талантты жас өнерпаздарды анықтау.
    Сонымен қатар фестиваль сахна мәдениетін дамытуға, қатысушылар арасында тәжірибе алмасуға және өңірлер арасындағы мәдени байланысты нығайтуға бағытталған. Жас өнерпаздар үшін бұл – өз таланттарын танытып, шығармашылық тәжірибе жинақтауға және республикалық деңгейде өнер көрсетуге мүмкіндік.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының білім басқармасы" жаңалықтары