28–29 қазанда Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің базасында теміржол саласы педагогтері арасында республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өтті. Байқауға Қазақстанның әр өңірінен 21 оқытушы мен өндірістік оқыту шебері қатысты.
Қатысушылар теміржол көлігіндегі автоматика және қозғалысты басқару, тартқыш жылжымалы құрамды пайдалану мен жөндеу, сондай-ақ теміржол құрылысы және жол шаруашылығы бағыттары бойынша теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетті.
«Автоматика, телемеханика және теміржол көлігіндегі қозғалысты басқару» құзыреттілігі бойынша:
1-орын — Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің оқытушысы Қуанар Ибраимов.
2-орын — М. Тынышбаев атындағы Астана ALT көлік колледжінің оқытушысы Гүлжайна Молдадосова.
3-орын — Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің оқытушысы Жандарбек Калиев.
«Кәсіпқойлығы үшін» номинациясы бойынша Шымкент жол-көлік колледжінің оқытушысы Мадина Атамбекова марапатталды.
«Теміржолдың тартқыш жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша:
1-орын — М. Тынышбаев атындағы Астана ALT көлік колледжінің оқытушысы Нұржан Асабаев.
2-орын — М. Тынышбаев атындағы Шымкент ALT көлік колледжінің оқытушысы Бақытжан Өмірзақ.
3-орын — Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің оқытушысы Серик Бердыгалиев.
«Кәсіпқойлығы үшін» номинациясы бойынша Қарағанды теміржол колледжінің оқытушысы Бактыбай Шалгынбаев, Б. Әшімов атындағы Петропавл көлік және машина жасау колледжінің өндірістік оқыту шебері Александр Попович және О. Көшеков атындағы Атырау аграрлық-техникалық колледжінің оқытушысы Абай Жиеналиев марапатталды.
«Теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» құзыреттілігі бойынша:
1-орын — М. Тынышбаев атындағы Ақтау ALT көлік колледжінің оқытушысы Шамшадин Нұрмағамбет және Алматы көлік және коммуникациялар колледжінің оқытушысы Салтанат Даулеткелдинова.
«Кәсіпқойлығы үшін» номинациясы бойынша Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің оқытушысы Кулянда Каримсакова марапатталды.
Конкурс қорытындысы бойынша барлық қатысушылар мен сарапшыларға сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды.
Байқау педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдап, тәжірибе алмасуына және теміржол саласына қажетті білікті мамандар даярлау ісін жетілдіруге мүмкіндік берді.









