Қауіпсіздік — әрбір адамға қамқорлық!

    Алтай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, Серебрянск қаласындағы қарттар үйінде және Алтай қаласындағы қарт азаматтарға арналған аумақтық орталықта профилактикалық іс-шаралар өткізді.
    Кездесу барысында, құтқарушылар тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері, өрт шыққан кездегі әрекет ету тәртібі, сондай-ақ 101 және 112 нөмірлері арқылы құтқару қызметін дұрыс шақыру жолдары туралы түсіндірді.
    Ерекше назар практикалық бөлімге аударылды. Құтқарушылардың жетекшілігімен мекеме тұрғындары шартты өрт жағдайында өз бетінше эвакуациялану дағдыларын пысықтап, өрт сөндіргішті пайдалану ережелерімен танысты.
    Мұндай іс-шаралардың басты мақсаты — өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыру, төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру және қарапайым ережелерді білу адам өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға көмектесетінін еске салу.
    Қауіпсіздік білім мен әрекет етуге дайындықтан басталады!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары