Ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы

    2026 жылғы 19 қарашада Павлодар облысы Әділет департаментінің басшылығы Павлодар облыстық адвокаттар алқасының адвокатымен бірлесіп, Павлодар мұнай құбыры басқармасының қызметкерлері үшін ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізді.
    Талқылаудың негізгі тақырыбы қоғамда «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілетуге бағытталған тұжырымдаманы жүзеге асыру мәселесі болды.
    Қатысушыларға мемлекеттік құқықтық саясаттың негізгі бағыттары, сондай-ақ құқықтық мәдениетті нығайту, азаматтардың құқықтарын қорғау және құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері бойынша түсініктеме берілді. Талқылау барысында басқарманың қызметкерлері өздерін қызықтырған құқықтық мәселелерді ортаға салып, сарапшылық кеңестер алды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Әділет департаменті" жаңалықтары