Атқарушылық іс жүргізу

    Павлодар қалалық сотының 2024 жылғы 1 қарашадағы атқарушылық құжаты негізінде борышкер «N» ЖШС-нен ортақ тәртіппен 85 895 845 теңге мөлшеріндегі жалпы берешек сомасын өндіру белгіленген болатын.
    Атқарушылық құжаттың талаптары орындалмағандықтан және мүлікті ұсыну туралы талап еленбегендіктен, Екібастұз қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындау аумақтық бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысы Г.Окатенко 2026 жылғы 9 қарашада борышкерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігі (сот актісін орындамау) және 670-бабының 1-бөлігі (сот орындаушысының заңды қызметіне кедергі келтіру) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды. Іс материалдары қарау үшін сотқа жолданды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Әділет департаменті" жаңалықтары