Әділет кеңес береді

    2026 жылдың 16 қарашасында Павлодар облысының Әділет департаменті Павлодар облысының Ақтоғай ауданында «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді.

    Акцияға Павлодар облысының Әділет департаментің басшысының орынбасары, жекеше нотариус, заң консультант және мемлекеттік, жеке сот орындаушылар қатысты.

    Акция барысында Ақтоғай ауданының тұрғындары мен қонақтарына құқықтық мәселелер бойынша тегін консультациялар беріліп, азаматтардың сұрақтарына қолданыстағы заңнама шеңберінде түсіндірмелер ұсынылды.

    Іс-шара азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Әділет департаменті" жаңалықтары