ЕТБ деңгейі қолданылатын тауарларға ТІЖ ресімдеу жөніндегі міндеттемелерді енгізу мерзімдерін ауыстыру туралы

    📢 Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды:

    💠 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен ең төменгі баға деңгейі (ЕБД) белгіленген тауарлар тізбесін кеңейту және оларға тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) міндетті түрде ресімдеу мәселелері талқыланды.

    «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында, сондай-ақ бизнестің «Виртуалды қойма» модулімен жұмыс істеуге толық дайын еместігін ескере отырып, ЕБД белгіленген тауарларға ТІЖ ресімдеуді міндетті енгізу мерзімін кейінге қалдыру туралы шешім қабылданды.

    📅 Міндетті талаптарды кезең-кезеңімен енгізу 2027 жылғы 1 маусымнан бастап жоспарланып отыр.

    Бұл ретте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, «Виртуалды қойма» модулінде есепке алынуға жататын тауарлар тізбесін келісетін болады.

    Кезең-кезеңімен енгізу бизнеске жаңа талаптарға алдын ала дайындалуға, есепке алу жүйелерін бейімдеуге, сондай-ақ ТІЖ ресімдеу және «Виртуалды қойма» модулімен жұмыс істеу тәртібін меңгеруге мүмкіндік береді.

    📌 Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 31 қазандағы №661 бұйрығына өзгерістер енгізіліп, ЕБД белгіленген тауарларға ТІЖ ресімдеу туралы ережені ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан бастап қолдану көзделген норма алынып тасталады. Жаңа мерзімдер жеке бұйрықпен айқындалады.

    Сонымен қатар, 2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап тиісті өзгерістер қабылданғанға дейін аталған тауарларға қатысты салықтық бақылау шаралары қолданылмайды.

    🤝 Қабылданған шешім бизнеске жаңа талаптарға біртіндеп бейімделуге және тауарларды есепке алу процестерін тиісінше ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары