ЭШФ-ды жазып беру қағидаларына өзгерістер енгізілді

    📢 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 629 «Шот-фактураны жазып беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды.

    📄 Өзгерістер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 646 бұйрығымен енгізілді.

    🎯 Енгізілген өзгерістердің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мен Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің қабылдануына байланысты шот-фактураны жазып беру қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар), электрондық шот-фактураның (бұдан әрі – ЭШФ) нысанын және шот-фактура нысанын толтыру жөніндегі түсіндірмені өзектендіру.

    ⚖️ Осыған байланысты Қағидалардың жекелеген ережелері, оның ішінде қолданылатын терминология және электрондық шот-фактуралардың цифрлық жүйесінің жұмыс істеуіне байланысты мәселелерді реттеу бөлігінде қайта қаралды.

    📝 Сонымен қатар, бұйрықта электрондық шот-фактура нысанының жекелеген жолдары мен бағандарын толтыруға қатысты, оның ішінде қатысу үлесін және қаржылық лизинг бойынша операцияларды көрсету бөлігінде редакциялық нақтылаулар көзделген.

    ℹ️ Аталған түзетулер нақтылау сипатында болады және электрондық шот-фактураларды жазып берудің белгіленген тәртібін өзгертпейді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары