Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

    Департамент туралы

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің кеден дела саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға, салықтардың, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз етуге уәкілетті аумақтық органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Қарағанды облысы бойынша МКД басшысының орынбасары болып Әбілдинов Артём Анатольевич тағайындалды.

    Артём Анатольевич 1979 жылы туған, жоғары білімді. Ақмола қаржы-экономикалық колледжін, Қаржы полициясы академиясын, сондай-ақ Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласында, оның ішінде салық және кеден органдарында мол тәжірибесі бар. Әр жылдары мемлекеттік органдарда, соның ішінде Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерінде басшылық лауазымдар атқарған. МКД ұжымы Артём Анатольевичті жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, жұмысына табыс, кәсіби жетістіктер және алға қойған міндеттерді жүзеге асыруда сәттілік тілейді!

    12 қараша 2026 ж.Тікелей
    Караганда
    ОтырысАяқталды

    Қарағанды облысында "Адал кәсіпкер"акциясына қатысушылар марапатталды

    Қарағанды облысында Кәсіпкерлер күні аясында «Заң және тәртіп» идеологемасы шеңберінде өткізілген «Адал кәсіпкер» акциясының қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті. «Үздік салық төлеуші» номинациясы бойынша шағын бизнес санатында «KERABLOK» ЖШС, орта бизнес санатында «КазСолар 50» ЖШС және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында «QARMET» АҚ марапатталды. Ал «Әлеуметтік жауапты бизнес» номинациясында «Пржевальское» ЖШС үздік деп танылды. Бұл марапаттар - мемлекет алдындағы міндеттемелерін адал орындап, қоғамның дамуына үлес қосып жүрген кәсіпкерлер еңбегінің бағасы. Өйткені жауапты бизнес - тек экономикалық жетістік емес, сонымен қатар заңға, қызметкерлерге және қоғамға деген құрмет.

    30 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру мақсатында профилактикалық іс - шара

    Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру мақсатында Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңадан қабылданған қызметкерлері үшін СИ-16 тергеу изоляторына профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Аталған іс-шара қызметкерлердің құқықтық санасын арттыруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаудың салдарын түсіндіруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына жол бермеуге бағытталған. Іс-шара барысында қызметтік міндеттерді орындау кезінде адалдық, парасаттылық және жеке жауапкершілік қағидаттарын сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Мұндай профилактикалық іс-шаралар мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға ықпал етеді.

    30 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    📣 АҢДАТПА!

    📣 Аңдатпа! 🔰 @karaganda_mkd Instagram парақшасында “Валюталық бақылау” тақырыбында тікелей эфирге қатысуға шақырамыз. 📅 Күні: 2026 жылғы 30 қазан ⏰ Уақыты: 16:00 сағ 🎙 Спикер: Макшиев Есен Курманбаевич - Қарағанды облысы бойынша МКД, Тарифтік реттеу басқармасы Тауарлар жіктеуіштері бөлімінің басшысы. ❗️ ҚР ҚМ МКК-нің және оған қарасты аумақтық бөлімшелерінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына жазылып, тек ресми ақпаратқа сеніңіз.

    30 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    🇰🇿 29 ҚАЗАН – ҚАЗАҚСТАН КӘСІПКЕРЛЕРІ КҮНІ!

    Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті барша кәсіпкерлерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтайды! Кәсіпкерлік ел экономикасын дамытуда, жаңа жұмыс орындарын ашуда және халықтың әл-ауқатын арттыруда маңызды рөл атқарады. Ерен еңбектеріңіз, іскерлік бастамаларыңыз және Қазақстанның дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз! Сіздерге тұрақтылық, өркендеу, жаңа жобаларыңызға сәттілік және алға қойған мақсаттарыңызға жетуді тілейміз! Қазақстан кәсіпкерлері күні құтты болсын! 🇰🇿

    30 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Департаментте цифрлық гигиена және лудоманияның алдын алу бойынша семинар өтті.

    📌 Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Цифрлық гигиена: интернет-алаяқтардың құрбаны болмау жолдары» және «Лудомания» тақырыптарында семинар-кеңес өткізілді. 👮‍♂️ Спикерлер ретінде Қарағанды облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының өкілдері қатысты: 🔹 Кайракбаев А.М. — полиция подполковнигі, басқарма бастығының міндетін атқарушы; 🔹 Зияда Д.Ғ. — полиция капитаны, аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл. 💻 Қатысушыларға интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілдері, жеке деректер мен қаржыны қорғау жолдары, сондай-ақ ойынға тәуелділіктің салдары түсіндірілді. ⚠️ Қырағы болыңыз! SMS-кодтарды және банк картасының деректерін бөгде адамдарға бермеңіз, күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және оңай табыс туралы уәделерге сенбеңіз. 🤝 Мұндай іс-шаралар қызметкерлердің цифрлық сауаттылығын арттыруға және интернет-алаяқтық пен лудоманияның алдын алуға бағытталған. 🔐 Өзіңізді және жеке деректеріңізді қорғаңыз!

    15 қазан 2026 ж.Тікелей
    Караганда

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Салық берешегін қай жерден қарауға болады?

    Жауап

    Ыңғайлы және жылдам тәсілдің бірнеше түрі бар: ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің порталы (kgd.gov.kz): «Электрондық сервистер» бөліміне кіріп, «Салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер» қосымша бетін таңдаңыз. Бәрі қарапайым және түсінікті! e-SalyqAzamat мобильді қосымшасы: Оны App Store немесе PlayMarket-тен жүктеп алыңыз. Сіздің салық кабинетіңіз әрқашан қолыңызда! Telegram-дағы SalyqBot: Егер сіз Telegram-ды белсенді қолдансаңыз, бұл бот қажетті ақпаратты тез алуға көмектеседі. kz электрондық үкімет порталы: мемлекеттік қызметтерді алуға арналған ең танымал ресурстардың бірі.

    Сұрақ

    Кедендік транзиттің шекті мерзімі қандай?

    Жауап

    Тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырған кезде жөнелтуші кеден органы тауарлардың жөнелтуші кеден органынан тағайындалған кеден органына дейін жеткізілуі тиіс мерзімді белгілейді. Темір жол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит мерзімі бір ай үшін екі мың километр есебінен, бірақ күнтізбелік жеті күннен кем емес белгіленеді.

    Сұрақ

    Уақытша сақтау қандай жерлерде жүзеге асырылуы мүмкін?

    Жауап

    Тауарларды уақытша сақтау келесі орындарда да жүзеге асырылуы мүмкін: 1) өз тауарларын сақтау қоймасында; 2) аумақтарда (үй-жайларда): кеден қоймасы; еркін қойма; арнайы экономикалық аймақ; бажсыз сауда дүкені.

    Сұрақ

    Кедендік алым сомасы қайтарылады ма, егер болса, қандай жағдайларда?

    Жауап

    Кеден алымдарының сомаларын есепке жатқызу (қайтару) егер кеден алымдарының сомалары артық төленген (артық өндіріп алынған) не қате төленген болып табылған жағдайда жүзеге асырылады

    Хабарландыру

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыруы

    Жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру 12.11. 2026ж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі-Департамент)Аудит басқармасы №1 аудит бөлімінің бас маманы, құқығымен (ОА№-1-10/АБ№-1-10)«Б» корпусының бос әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс жариялады. Осы хабарландырумен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5598933330

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыруы

    Конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің персоналды басқару қызметі конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін бағалаушыларды іріктеу туралы хабарлайды. Аудит басқармасы №1 аудит бөлімінің бас маманы (ОА№-1-10/АБ№-1-10) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бағалаушыларды келесі бағыт бойынша іріктеуді жүргізеді: Мемлекеттік кірістер және бақылау Бағалаушы ретінде конкурстарға қатысуға ниет білдірген тұлғалар eqyzmet.gov.kz интернет-порталында авторлануы тиіс. Бағалаушы - бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар конкурстық комиссияның мүшесі, сондай-ақ персоналды басқару жөніндегі мамандар немесе басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері. Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімі: 2026 жылғы 16 қарашадан 2026 жылғы 18 қарашаға дейін.

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыруы

    Жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру 12.11. 2026ж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі-Департамент)Аудит басқармасы №1 аудит бөлімінің бас маманы, уақытша негізгі қызметшінің бала күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс мерзіміне 27.09.2027 жылға дейін, негізгі қызметшінің көрсетілген мерзімінен ерте шығу құқығымен (ОА№-1-9/АБ№-1-9)«Б» корпусының бос әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс жариялады. Осы хабарландырумен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5598927608

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыруы

    Конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің персоналды басқару қызметі конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін бағалаушыларды іріктеу туралы хабарлайды. Аудит басқармасы №1 аудит бөлімінің бас маманы, уақытша негізгі қызметшінің бала күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс мерзіміне 27.09.2027 жылға дейін, негізгі қызметшінің көрсетілген мерзімінен ерте шығу құқығымен (ОА№-1-9/АБ№-1-9) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бағалаушыларды келесі бағыт бойынша іріктеуді жүргізеді: Мемлекеттік кірістер және бақылау Бағалаушы ретінде конкурстарға қатысуға ниет білдірген тұлғалар eqyzmet.gov.kz интернет-порталында авторлануы тиіс. Бағалаушы - бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар конкурстық комиссияның мүшесі, сондай-ақ персоналды басқару жөніндегі мамандар немесе басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері. Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімі: 2026 жылғы 16 қарашадан 2026 жылғы 18 қарашаға дейін.

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    АТРИУМ-2007 ЖШС

    АТРИУМ-2007 ЖШС

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    Банкроттық рәсімінде кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабар

    Банкроттық рәсімінде кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабар

    Жарияланды: