Қарағанды облысы бойынша МКД басшысының орынбасары болып Әбілдинов Артём Анатольевич тағайындалды.

    Артём Анатольевич 1979 жылы туған, жоғары білімді. Ақмола қаржы-экономикалық колледжін, Қаржы полициясы академиясын, сондай-ақ Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласында, оның ішінде салық және кеден органдарында мол тәжірибесі бар. Әр жылдары мемлекеттік органдарда, соның ішінде Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерінде басшылық лауазымдар атқарған.

    МКД ұжымы Артём Анатольевичті жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, жұмысына табыс, кәсіби жетістіктер және алға қойған міндеттерді жүзеге асыруда сәттілік тілейді!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары