Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылдың 9 айындағы қызметінің негізгі көрсеткіштерін назарларыңызға ұсынады.

    1 / 14

    📊 Есепті кезеңде бюджетке түсетін түсімдерді қамтамасыз ету, салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызметтерді дамыту және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бағыттарында ауқымды жұмыстар атқарылды.

    💰 Бюджет түсімдері

    2026 жылдың 9 айында бюджетке 577,8 млрд теңге түсті. Жоспардың орындалуы 99,3%-ды құрады. Республикалық бюджетке түсімдер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,6%-ға өсті.

    ⚖️ Салықтық әкімшілендіру және бақылау

    105 салықтық тексеру жүргізіліп, олардың нәтижелері бойынша 5,2 млрд теңге қосымша есептелді, 2,1 млрд теңге өндіріп алынды. Салық берешегін азайту және салық заңнамасының бұзушылықтарын анықтау бағытындағы жұмыстар жалғастырылды.

    🚛 Кедендік әкімшілендіру

    Тауарларға қатысты 25 720 декларация ресімделді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,77%-ға артық. 504 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, салынған айыппұлдар сомасы 409,4 млн теңгені құрады.

    💻 Мемлекеттік қызметтер және ашықтық

    608 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 99,8%-ы электрондық форматта ұсынылды. Түсіндіру сипатындағы 12 954 іс-шара өткізілді, ал Байланыс орталығы салық төлеушілерден 18 мыңнан астам өтініш қабылдады.

    🤝 Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға, бюджетке түсетін түсімдердің толықтығын қамтамасыз етуге, адал кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасауға және қаржылық тәртіпті нығайтуға бағытталған жұмыстарды жалғастыруда.

    📌 Қызметтің негізгі көрсеткіштері мен жұмыс нәтижелері слайдтарда толық ұсынылған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары