Шебірде Сәттіғұл Жаңғабылұлының 150 жылдығына арналған ақындар мүшәйрасы өтті

    1 / 4

    ШЕБІРДЕ СӘТТІҒҰЛ ЖАНҒАБЫЛҰЛЫНЫҢ 150 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ

    Маңғыстау ауданы әкімдігінің қолдауымен халық ақыны Сәттіғұл Жанғабылұлының 150 жылдық мерейтойы аясында республикалық ақындар мүшәйрасы өтті.

    Жыр додасына еліміздің 5 облысынан және өңірден барлығы 28 ақын қатысып, бақ сынады. Қатысушылардың басты міндеті – өлеңдерін Сәттіғұл Жанғабылұлының өмірі мен шығармашылығына және Маңғыстау тақырыбына арнау болды.

    Мүшәйра қорытындысы бойынша бас жүлде Алматы қаласынан келген Жұмагүл Мұрсалға бұйырды. І орынды Жезқазған қаласының ақыны Абай Ораз, ІІ орынды Ақтөбе облысының өкілі Данияр Дәулеткерейұлы, ІІІ орынды Астана қаласынан Ботагөз Мұхиденқызы иеленді.

    Сонымен қатар Талғат Тілеулесов пен Есентүгел Әли ынталандыру сыйлығымен марапатталды. Арнайы жүлделер Ұлықбек Бекұзақұлы, Әскербай Жанарыс, Мұстафа Шоқай, Назгүл Бердіқожақызы, Жантілек Қажымұлы, Алшын Суемов, Бекарыс Базарбай және Кеңес Қонарбаевқа табысталды.

    Айта кетейік, шара мәдениет және спорт, ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімдері мен «Сөз бен Саз» бағдарламасының авторы Бердіхан Әлменнің ұйымдастыруымен өткізілді.

    Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары