Маңғыстау ауданында 3,3 мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

    1 / 2

    МАҢҒЫСТАУ АУДАНЫНДА 3,3 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІ ЖИНАЛДЫ

    Биыл Маңғыстау ауданында 28 шаруа қожалығы 193,5 гектар алқапқа егін егіп, жалпы 3 349,42 тонна өнім жинады.

    Оның ішінде 1 797 тонна бақша дақылы, 1 441,77 тонна көкөніс, 80 тонна жоңышқа және 3,65 тонна жеміс бар. Егіс алқаптарының 182,5 гектарында тамшылатып суару технологиясы қолданылды. Сонымен қатар Шетпе ауылындағы «Нұржау» жылыжайы 20 тонна қияр өнімін өндірді.

    Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолдау көрсету мақсатында тыңайтқыш шығындарының 50 пайызы субсидияланады. Сондай-ақ аудан шаруаларына Ақтау қаласындағы маусымдық сауда орындарында өнімдерін делдалсыз өткізуге мүмкіндік жасалды.

    Ауданның ауыл шаруашылығы саласын дамыту және жергілікті өнім өндірушілерді қолдау бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

    Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары