Маңғыстауда көпбалалы аналар марапатталды

    1 / 2

    МАҢҒЫСТАУДА КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

    Маңғыстау ауданының әкімі Ерғали Скендиров көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын табыстады.

    Салтанатты шарада 2 ана «Алтын алқамен», 12 ана «Күміс алқамен» марапатталды.

    Аудан әкімі аналарды құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
    - «Ана – отбасының ұйытқысы, ұлт тәрбиесінің алтын діңгегі. Бала тәрбиелеп, ұрпақ өсіру – үлкен жауапкершілік пен қажырлы еңбекті талап ететін абыройлы міндет. Сіздердің еңбектеріңіз бен отбасындағы өнегелеріңіз – қоғам үшін қашанда құнды. Мемлекет тарапынан көрсетілген бұл құрмет баршаңызға деген алғыстың белгісі. Әр шаңырақта береке мен бірлік орнап, ұл-қыздарыңыздың қызығын көріңіздер!» – деді аудан әкімі.

    Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары