СҚО әкімі азаматтарды жеке қабылдады

    1 / 7

    Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов азаматтарды жеке қабылдады. Кездесу барысында тұрғындар жер қатынастары, автомобиль жолдарының жағдайы және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты өтініштерін жеткізді.

    Қабылдау барысында облыс әкімі әрбір өтінішті егжей-тегжейлі қарастырып, көтерілген мәселелерді шешу жолдарын талқылады. Қабылдау қорытындысы бойынша өңір басшысы тиісті басқармалар мен жауапты басшыларға өтініштерді пысықтап, қажетті шаралар қабылдауды тапсырды. Тапсырмалардың орындалуы облыс әкімінің бақылауында.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары