Ақылды гаджет жасырынуға көмектеспеді: Қарағандыда музыкалық колонканы ұрлады деген күдікті ұсталды

    Ақылды гаджет жасырынуға көмектеспеді: Қарағандыда музыкалық колонканы ұрлады деген күдікті ұсталды

    Қарағандыда полицейлер жергілікті дүкендердің бірінде жасалған «Алиса» дауыстық көмекшісі бар сымсыз колонкасының ұрлығын ашты. Тергеудегі басты айғақ бейнебақылау камерасының жазбасы болды.

    Белгілі болғандай, қаскүнем сатушының басқа клиентке қызмет көрсетуіп жатқан сәтін пайдаланып, гаджетті білдірмей жымқырып кеткен. Күдіктінің құқыққа қайшы әрекеттері 20 жастағы сатушы қызға 50 мың теңге көлемінде материалдық залал келтірген.

    Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-шығыс полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктінің тұлғасын анықтап, оны ұстады. Ол 34 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

    Қазіргі уақытта тергеу кезеңінде күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Сонымен қатар полицейлер оның өңір аумағында бұрын тіркелген осыған ұқсас қылмыстарға ықтимал қатыстылығын тексеріп жатыр.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының Полиция департаменті" жаңалықтары