Қазақстан мен Қытай көлік саласын цифрландыру дамытуды көздеуде

    1 / 4

    2026 жылғы 25 қарашада Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде Қытайдың China TransInfo Group технологиялық компаниясының өкілдерімен көлік саласын цифрландыру мәселелері бойынша кеңес өтті.

    Қазақстандық тарапты Көліктік бақылау комитетінің төрағасы Дастан Жұмақұлов басқарды. Кеңеске «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «ҚазжолҒЗИ» АҚ және Көлік министрлігінің бейінді құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

    Қытай тарапы зияткерлік көлік жүйелерін енгізу, жүк тасымалдарын цифрлық мониторингтеу және көліктік бақылауды автоматтандыру бойынша тәжірибесін таныстырды. Сондай-ақ жабдықтар өндірісін жергіліктендіру және технологиялар трансферті мәселелері қаралды.

    Кеңес барысында 13 отандық тасымалдаушының 50 жүк автокөлігі қамтылған AI JOL цифрлық платформасының пилоттық жобасының нәтижелері талқыланды. Платформа қозғалыс бағыттарын қадағалауға, жылдамдық режимін бақылауға, жүргізушілердің шаршау белгілерін анықтауға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді.

    Кеңес қорытындысы бойынша тараптар AI JOL цифрлық платформасын енгізу, жүргізушісіз автомобиль жүк тасымалдарын дамыту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға, сондай-ақ Қазақстанда тиісті жобаларды іске асырудың техникалық және нормативтік-құқықтық мәселелерін пысықтауға уағдаласты.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Kөліктік бақылау комитеті" жаңалықтары