СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    1 / 4

    Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

    Комиссия отырысына Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Түркістан облысы бойынша өкілдігінің бас маманы Н. Құдайберген қатысты.

    Отырыс барысында тұрғын үй, мәдениет, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар салаларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуы, мемлекеттік сатып алу, гранттар мен субсидияларды бөлудің заңдылығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

    Сонымен қатар, анықталған заң бұзушылықтарды жою, олардың алдын алу және мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен есептілігін арттыру бағытында қабылданып жатқан шаралар талқыланды.

    Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімі жауапты мемлекеттік органдардың басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заңдылықты қамтамасыз ету және мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығын арттыру азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың маңызды алғышарттарының бірі болып табылады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі" жаңалықтары