Түркістанда Ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

    Түркістан қаласында Ұстаздар күніне орай білім саласы қызметкерлерінің қатысуымен «Ұстазға құрмет - ұрпаққа өнеге» атты салтанатты іс-шара өтті.

    Мерекелік жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі Наталья Қожабекова, мемлекеттік органдардың өкілдері, білім саласының қызметкерлері мен педагогтер қатысты.

    Іс-шара барысында өңір басшысы ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтап, білім беру саласының дамуына қосқан үлестері мен өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі еңбектеріне тоқталды.

    Салтанатты жиында білім саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізген және республикалық, облыстық пән олимпиадалары мен білім байқауларының жеңімпаздарын дайындаған педагогтер мемлекеттік және ведомстволық наградалармен, төсбелгілермен, құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапатталды.

    Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасып, өнерпаздар мен талантты оқушылар өз өнерлерін ортаға салды.

    Ұстаз еңбегін құрметтеу - білімді, саналы әрі жауапты ұрпақ қалыптастырудың маңызды негіздерінің бірі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі" жаңалықтары