
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкіліне адам саудасының құрбаны болған азамат жеке басын куәландыратын құжатты алу және тұрғылықты жері бойынша тіркелу мәселесі бойынша жүгінген.
Азаматтың жеке басын куәландыратын құжатының мерзімі өтуіне байланысты оның тұрғылықты жері бойынша тіркелуіне және өз құқықтарын толық көлемде іске асыруына кедергі туындаған.
Өкілдің ұсынымы бойынша Түркістан облысының Полиция департаменті тарапынан тиісті шаралар қабылданды.
2026 жылғы 2 қазанда азамат тұрғылықты жері бойынша тіркеліп, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігімен құжаттандырылды.
Осылайша, азаматтың құжаттандырылу және тұрғылықты жері бойынша тіркелу құқықтары қалпына келтірілді.
Аталған жағдай азаматтардың, оның ішінде адам саудасының құрбандары сияқты осал топтағы адамдардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жөніндегі жұмыстың нақты нәтижесін көрсетеді.









