2026 жылғы 20 қарашада Түркістан қаласында 2027–2029 жылдарға арналған Адам саудасының алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспарын өңірлік деңгейде іске асыру мәселелеріне арналған консультативтік кеңес өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – Ұлттық жоспардың басым бағыттарын талқылау, Түркістан облысының ерекшеліктерін ескере отырып, өңірлік іс-шаралар жоспарын әзірлеу, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту. Консультативтік кеңес жұмысына мемлекеттік органдардың, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Аталған іс-шараға Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Түркістан облысы бойынша өкілдігінің бас маманы Н. Құдайберген қатысып, адам саудасының алдын алу, одан зардап шеккен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ ведомствоаралық ынтымақтастықты жетілдіру мәселелері бойынша өз пікірін білдірді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






