WADA өкілдері Астанада «Томирис» ұлттық балетінің әлемдік премьерасын тамашалады

    Астанада Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) Құрылтайшылар кеңесі мен Атқарушы комитетінің отырыстары аясында Қазақстанға келген халықаралық спорт қауымдастығының өкілдері «Астана Опера» театрында «Томирис» ұлттық балетінің әлемдік премьерасын тамашалады.

    Ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай сахналанған қойылымның құрметті қонақтары қатарында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев, Эстонияның Мәдениет министрі Хейди Пурга, WADA президенті Витольд Банька, агенттіктің бас директоры Оливье Ниггли, сондай-ақ Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық Паралимпиада комитетінің және ұлттық допингке қарсы ұйымдардың өкілдері болды.

    Сақ патшайымы Томиристің өмір жолын арқау еткен екі актілі қойылымда ерлік, азаттық, отансүйгіштік және туған жерге адалдық секілді құндылықтар дәріптеледі. Балетте классикалық би өнері, қазақ биінің элементтері, ұлттық музыкалық сарындар мен заманауи хореография үйлесім тапқан.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі" жаңалықтары