Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

    Министерство осуществляет руководство, межотраслевую координацию и государственное регулирование в сферах культуры, межэтнического согласия, развития языков, государственных символов, архивного дела и документации, электронного документооборота и электронных архивов, физической культуры и спорта, игорного бизнеса, лотереи и лотерейной деятельности.

    Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

    Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туризм, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі салаларында басшылықты, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    ҚР Туризм және спорт вице-министрі Бауыржан Рапиковтың Атырау облысы тұрғындарымен кездесуі

    ҚР Туризм және спорт вице-министрі Бауыржан Рапиковтың Атырау облысы тұрғындарымен кездесуі. Мекен-жайы: Атырау қаласы, Абай орталығы Әбілқайыр хан даңғылы, 58 14 қазан, 10:00

    14 қазан 2026 ж.Тікелей
    Атырау қаласы, Абай орталығы Әбілқайыр хан даңғылы, 58
    ОтырысАяқталды

    ҚР Туризм және спорт вице-министрі Бауыржан Рапиковтың Ақтөбе облысы тұрғындарымен кездесуі

    ҚР Туризм және спорт вице-министрі Бауыржан Рапиковтың Ақтөбе облысы тұрғындарымен кездесуі. Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Жекпе-жек сарайы Алтын Орда шағынауданы, Ораз Тәтеұлы көшесі, 5 12 қазан, 10:00

    12 қазан 2026 ж.Тікелей
    Ақтөбе қаласы, Жекпе-жек сарайы Алтын Орда шағынауданы, Ораз Тәтеұлы көшесі, 5
    ОтырысАяқталды

    ҚР туризм және спорт вице-министрі Бауыржан Рапиковтың Ақмола облысы тұрғындарымен кездесуі

    ҚР туризм және спорт вице-министрі Бауыржан Рапиковтың Ақмола облысы тұрғындарымен кездесуі. Мекен-жайы: Көкшетау қаласы, Достық үйі, Назарбаев, 2/5 9 қазан, 11:00

    9 қазан 2026 ж.Тікелей
    Көкшетау қаласы, Достық үйі, Назарбаев, 2/5, 11:00
    ОтырысАяқталды

    ҚР туризм және спорт вице-министрі Бауыржан Рапиковтың Ұлытау облысы тұрғындарымен кездесуі

    ҚР туризм және спорт вице-министрі Бауыржан Рапиковтың Ұлытау облысы тұрғындарымен кездесуі. Мекен-жайы: Жезқазған қаласы, "Жігер" ДСК, Бейбітшілік, 36 8 қазан, сағат 11:00

    8 қазан 2026 ж.Тікелей
    Жезқазған қаласы, "Жігер" ДСК, Бейбітшілік, 36, сағат 11:00
    ОтырысАяқталды

    ҚР туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаевтың Қарағанды облысы тұрғындарымен кездесуі

    ҚР туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаевтың Қарағанды облысы тұрғындарымен кездесуі. Мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Достық үйі, Шахтерлер даңғылы 64 6 қазан, 11:00

    6 қазан 2026 ж.Тікелей
    г. Караганда, Дом дружбы, ул. Шахтёров, 64

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Бұқаралық ақпарат құралдарында және онлайн-платформаларда букмекерлік кеңселердің жарнамасын орналастыруға рұқсат етіле ме?

    Жауап

    «Жарнама туралы» Заңның 13-бабының 1-4-тармақтарының 3) тармақшасына сәйкес тыйым салынады. «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Жарнама туралы заң) 13-бабының 1-4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың жарнамасын Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиясы бар букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың ресми интернет-ресурстарында, масс-медиа саласындағы уәкілетті органда тіркелген бұқаралық ақпарат құралдарында тек қана спорт тақырыбы бағытындағы, сондай-ақ отандық телеарналардың халықаралық спорттық жарыстарды тікелей трансляциялау кезіндегі жарнаманы қоспағанда, масс-медиада, онлайн-платформаларда, кино-, бейне- және анықтамалық қызмет көрсетуде.

    Сұрақ

    Букмекерлік кеңселердің визуалды жарнамасын көлік құралдарында орналастыруға рұқсат етіле ме ?

    Жауап

    «Жарнама туралы» Заңның 13-бабының 1-4-тармақтарының 2) тармақшасына сәйкес тыйым салынады. «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Жарнама туралы заң) 13-бабының 1-4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың жарнамасын көлік құралдарында жарнамалауға тыйым салынады.

    Сұрақ

    Букмекерлік кеңселердің визуалды жарнамасын ғимараттар мен құрылысжайларда орналастыруға рұқсат етіле ме?

    Жауап

    «Жарнама туралы» Заңның 13-бабының 1-4-тармақтарының 1-1) тармақшасына сәйкес тыйым салынады. «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Жарнама туралы заң) 13-бабының 1-4-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың жарнамасын спорттық іс-шараларды өткізу кезінде спорт құрылысжайларының ішінде орналасқан жарнаманы қоспағанда, ғимараттар мен құрылысжайларда жарнамалауға тыйым салынады.

    Сұрақ

    Букмекерлік кеңселердің визуалды жарнамасын қаланың орталық көшелеріндегі баннерлерде орналастыруғы рұқсат етіле ме?

    Жауап

    «Жарнама туралы» Заңның 13-бабының 1-4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тыйым салынады. «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Жарнама туралы заң) 3-бабының 9) тармақшасына және 13-бабы 1-4 тармағының 1) тармақшасына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнама – елді мекендерде, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында, сондай-ақ елді мекендерден тыс және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген жолағынан тыс ашық кеңістікте орналастырылатын және көрнекі қабылдауға арналған жарнама. Жарнама туралы заң талаптарына сәйкес букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың сыртқы (көрнекі) жарнамасын орналастыруға тыйым салынады, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында айқындалған аумақтар шегінде орналастырылатын жарнаманы қоспағанда. Осылайша, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың сыртқы жарнамасын орналастыруға тек заңда белгіленген аумақтарда ғана жол беріледі, ал өзге жерлерде мұндай жарнамаға тыйым салынады.

    Сұрақ

    Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне казиноларда құмар ойындарға қатысуға немесе букмекерлік кеңселерде бәс тігуге рұқсат етіле ме?

    Жауап

    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, 80-бабы 1-тармағының 15-2) тармақшасына сәйкес тыйым салынады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың (Қазақстан Республикасы Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламенті немесе мәслихаттары депутаттығына, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне кандидаттарды, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдардың өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттер жасауына жол бермеу мақсатында, аталған адамдар осы Заңның 13, 14, 14-1 және 15-баптарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңында көзделген айқындамаға сәйкес келетін ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға, сондай-ақ бұл үшін бөлінбеген орындарда не телекоммуникация желілерін, оның ішінде интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өздеріне қабылдайды. «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес құқық қорғау қызметіне құқық қорғау органында болумен байланысты шектеулерді және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдаудан бас тартқан адам қабылданбайды. «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 15-2) тармақшасына сәйкес құқық қорғау органдарының қызметкерлері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамағаны үшін, оның ішінде, жұмыстан шығарылады.

    Сұрақ

    Компания банктік шоттан үзінді көшірме, селфи, жеке куәлік беруді талап етіп, менің платформамдағы шотымнан ақша төлеу процесін әдейі кешіктіреді.

    Жауап

    «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 13-тармағына сәйкес ойын бизнесін ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ойын бизнесін ұйымдастырушылар, оның ішінде букмекерлік кеңселер қаржы мониторингі субъектілеріне жатады. Осы Заңның 5-бабына сәйкес қаржы мониторингі субъектілері өз клиенттерін (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісті тексеру жөнінде шаралар қабылдауы тиіс. Қаржы мониторингі субъектілері клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін: 1) клиентпен іскерлік қатынастар орнатылған; 2) қаржылық мониторингке жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды, оның ішінде күдікті операцияларды жүзеге асырған жағдайларда тиісті тексеруді жүзеге асырады. Осыған байланысты, букмекерлік кеңсенің өз клиенттерінің жеке басын сәйкестендіру жөніндегі әрекеттері Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың талаптарымен негізделген.

    Ақпарат

    Тұрғын үй кеңесінің комиссиясының хаттамасы негізінде жатақханамен қамтамасыз етілген қызметкерлердің тізімі

    Жарияланды:
    НҚА

    "Ойын бизнесі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 8 шілдедегі № 195 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 14 қазандағы № 202 бұйрығы

    Жарияланды:
    Тізілім

    Ойын автоматтары залының қызметімен айналысу құқығына қолданыстағы лицензиялардың тізілімі

    Жарияланды:
    Тізілім

    Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу құқығына қолданыстағы лицензиялардың тізілімі

    Жарияланды:
    НҚА

    "Ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 9 қазандағы № 175 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 16 қазандағы № 203 бұйрығы

    Жарияланды:
    НҚА

    "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуі және бірыңғай есепке алу жүйесінде қамтылған ақпаратты өзге де тұлғаларға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 2 сәуірдегі № 46 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 9 қазандағы № 198 бұйрығы

    Жарияланды: