«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, 80-бабы 1-тармағының 15-2) тармақшасына сәйкес тыйым салынады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың (Қазақстан Республикасы Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламенті немесе мәслихаттары депутаттығына, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне кандидаттарды, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдардың өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттер жасауына жол бермеу мақсатында, аталған адамдар осы Заңның 13, 14, 14-1 және 15-баптарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңында көзделген айқындамаға сәйкес келетін ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға, сондай-ақ бұл үшін бөлінбеген орындарда не телекоммуникация желілерін, оның ішінде интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өздеріне қабылдайды.
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес құқық қорғау қызметіне құқық қорғау органында болумен байланысты шектеулерді және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдаудан бас тартқан адам қабылданбайды.
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 15-2) тармақшасына сәйкес құқық қорғау органдарының қызметкерлері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамағаны үшін, оның ішінде, жұмыстан шығарылады.