Букмекерлік кеңселердің визуалды жарнамасын ғимараттар мен құрылысжайларда орналастыруға рұқсат етіле ме?
«Жарнама туралы» Заңның 13-бабының 1-4-тармақтарының 1-1) тармақшасына сәйкес тыйым салынады.
«Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Жарнама туралы заң) 13-бабының 1-4-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың жарнамасын спорттық іс-шараларды өткізу кезінде спорт құрылысжайларының ішінде орналасқан жарнаманы қоспағанда, ғимараттар мен құрылысжайларда жарнамалауға тыйым салынады.