Компания банктік шоттан үзінді көшірме, селфи, жеке куәлік беруді талап етіп, менің платформамдағы шотымнан ақша төлеу процесін әдейі кешіктіреді.

    Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

    Сұрақ

    Компания банктік шоттан үзінді көшірме, селфи, жеке куәлік беруді талап етіп, менің платформамдағы шотымнан ақша төлеу процесін әдейі кешіктіреді.

    Жауап

    «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 13-тармағына сәйкес ойын бизнесін ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.

    «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ойын бизнесін ұйымдастырушылар, оның ішінде букмекерлік кеңселер қаржы мониторингі субъектілеріне жатады. Осы Заңның 5-бабына сәйкес қаржы мониторингі субъектілері өз клиенттерін (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісті тексеру жөнінде шаралар қабылдауы тиіс. Қаржы мониторингі субъектілері клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін: 1) клиентпен іскерлік қатынастар орнатылған; 2) қаржылық мониторингке жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды, оның ішінде күдікті операцияларды жүзеге асырған жағдайларда тиісті тексеруді жүзеге асырады.

    Осыған байланысты, букмекерлік кеңсенің өз клиенттерінің жеке басын сәйкестендіру жөніндегі әрекеттері Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың талаптарымен негізделген.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Бұқаралық ақпарат құралдарында және онлайн-платформаларда букмекерлік кеңселердің жарнамасын орналастыруға рұқсат етіле ме?

    Жауап

    «Жарнама туралы» Заңның 13-бабының 1-4-тармақтарының 3) тармақшасына сәйкес тыйым салынады. «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Жарнама туралы заң) 13-бабының 1-4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың жа...

    ҚР ТСМ·
    Сұрақ

    Букмекерлік кеңселердің визуалды жарнамасын көлік құралдарында орналастыруға рұқсат етіле ме ?

    Жауап

    «Жарнама туралы» Заңның 13-бабының 1-4-тармақтарының 2) тармақшасына сәйкес тыйым салынады. «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Жарнама туралы заң) 13-бабының 1-4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың жа...

    ҚР ТСМ·
    Сұрақ

    Букмекерлік кеңселердің визуалды жарнамасын ғимараттар мен құрылысжайларда орналастыруға рұқсат етіле ме?

    Жауап

    «Жарнама туралы» Заңның 13-бабының 1-4-тармақтарының 1-1) тармақшасына сәйкес тыйым салынады. «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Жарнама туралы заң) 13-бабының 1-4-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторларды...

    ҚР ТСМ·
    Сұрақ

    Букмекерлік кеңселердің визуалды жарнамасын қаланың орталық көшелеріндегі баннерлерде орналастыруғы рұқсат етіле ме?

    Жауап

    «Жарнама туралы» Заңның 13-бабының 1-4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тыйым салынады. «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Жарнама туралы заң) 3-бабының 9) тармақшасына және 13-бабы 1-4 тармағының 1) тармақшасына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнама – елді м...

    ҚР ТСМ·
    Сұрақ

    Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне казиноларда құмар ойындарға қатысуға немесе букмекерлік кеңселерде бәс тігуге рұқсат етіле ме?

    Жауап

    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, 80-бабы 1-тармағының 15-2) тармақшасына сәйкес тыйым салынады. «Сыба...

    ҚР ТСМ·
    Сұрақ

    2024 жылдың тамыз айында мен екінші спортшының жеңісіне арналған теннис матчына онлайн қосымша арқылы ставка жасадым. Оның жеңісін мен теледидардан көрдім. Бұл букмекерлік кеңсе ұтылған ставканы есептеп, ұтысты төлеуден бас тартты. Менің ақшамды алуға көмектесіңіз

    Жауап

    «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 2- тармағына сәйкес Ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысы, мөлшерлемелер қабылдау және өткізілетін құмар ойындар және (немесе) бәс тігу қағидаларын ойын бизнесін ұйымдастырушы ойын мекемесінде, б...

    ҚР ТСМ·
    Сұрақ

    Интернет-казино мен лотереяның заңсыз қызметімен интернет-ресурстар қалай бұғатталады?

    Жауап

    Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастар «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. «Ойын бизнесі туралы» Заңның 6-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тиісті лицензия...

    ҚР ТСМ·
    Сұрақ

    Мен онлайн қызметті пайдаланып, құмар ойындар мен бәс тігуден өзімді шектедім. Бұл ретте букмекерлік кеңсе маған бәс тігуге рұқсат берді және ставканы онлайн қабылдады. Заңнамада бәс тігуге жібергені үшін жауапкершілік қарастырылған ба?

    Жауап

    Заңның 15-1-бабына сәйкес жиырма жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы уәкілетті органға өзін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға шектелген адамдардың тізіміне енгізу туралы өтініш беру арқылы өзін алты айдан он жылға дейінгі мерзімге құмар ойындарға және (...

    ҚР ТСМ·