Интернет-казино мен лотереяның заңсыз қызметімен интернет-ресурстар қалай бұғатталады?

    Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

    Сұрақ

    Интернет-казино мен лотереяның заңсыз қызметімен интернет-ресурстар қалай бұғатталады?

    Жауап

    Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастар «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

    «Ойын бизнесі туралы» Заңның 6-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тиісті лицензиясы бар казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың қызметін қоспағанда, ойын бизнесі саласындағы қызметті, оның ішінде электрондық казино және интернет-казино қызметін жүзеге асыруға тыйым салынады.

    Туризм индустриясы комитеті уәкілетті органдармен (Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі және Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі жөніндегі агенттігі) бірлесіп, құқыққа қайшы контенті бар интернет-ресурстарды анықтау мәніне интернет-кеңістіктің тұрақты мониторингін жүргізеді. Мұндай интернет-ресурстар анықталған кезде олар бойынша мәліметтерді туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қызметкерлерімен құқықтық бағалау жүргізу үшін және одан әрі Қазақстан Республикасының аумағында оларға қол жеткізуді шектеу жөнінде шаралар қабылдау үшін «Кибернадзор» ақпараттық жүйесіне енгізеді.

    Сонымен қатар, 2023 жылдың қараша айынан бастап Telegram мессенджерінде чат-боттар іске қосылды (https://t.me/stop_online_casino_bot) және Whatsapp (+7 707 9071507), олар арқылы жауапты азаматтар күдікті сайттарға және онлайн-казино, заңсыз букмекерлік кеңселер, заңсыз лотерея және заңсыз ұтыс ойындарының өзге де түрлері белгілері бар әлеуметтік желілердің беттеріне сілтемелерді жедел жібере алады және олардың интернет-кеңістікте өткізілетін жарнамалары, сондай-ақ тиісті лицензияларсыз және жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтардан тыс жерлерде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру туралы ақпаратты жедел тәртіппен жібере алады.

    Жоғарыда көрсетілген чат-боттарға жіберілген ақпаратты Туризм индустриясы комитеті өзге уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп қарайтын болады және заңсыздық фактілері анықталған кезде желілік ресурстың тиісті мазмұны «Кибернадзор» АЖ-ға бұғаттау үшін жүктелетін болады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Бұқаралық ақпарат құралдарында және онлайн-платформаларда букмекерлік кеңселердің жарнамасын орналастыруға рұқсат етіле ме?

    Жауап

    «Жарнама туралы» Заңның 13-бабының 1-4-тармақтарының 3) тармақшасына сәйкес тыйым салынады. «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Жарнама туралы заң) 13-бабының 1-4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың жа...

    ҚР ТСМ·
    Сұрақ

    Букмекерлік кеңселердің визуалды жарнамасын көлік құралдарында орналастыруға рұқсат етіле ме ?

    Жауап

    «Жарнама туралы» Заңның 13-бабының 1-4-тармақтарының 2) тармақшасына сәйкес тыйым салынады. «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Жарнама туралы заң) 13-бабының 1-4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың жа...

    ҚР ТСМ·
    Сұрақ

    Букмекерлік кеңселердің визуалды жарнамасын ғимараттар мен құрылысжайларда орналастыруға рұқсат етіле ме?

    Жауап

    «Жарнама туралы» Заңның 13-бабының 1-4-тармақтарының 1-1) тармақшасына сәйкес тыйым салынады. «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Жарнама туралы заң) 13-бабының 1-4-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторларды...

    ҚР ТСМ·
    Сұрақ

    Букмекерлік кеңселердің визуалды жарнамасын қаланың орталық көшелеріндегі баннерлерде орналастыруғы рұқсат етіле ме?

    Жауап

    «Жарнама туралы» Заңның 13-бабының 1-4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тыйым салынады. «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Жарнама туралы заң) 3-бабының 9) тармақшасына және 13-бабы 1-4 тармағының 1) тармақшасына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнама – елді м...

    ҚР ТСМ·
    Сұрақ

    Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне казиноларда құмар ойындарға қатысуға немесе букмекерлік кеңселерде бәс тігуге рұқсат етіле ме?

    Жауап

    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, 80-бабы 1-тармағының 15-2) тармақшасына сәйкес тыйым салынады. «Сыба...

    ҚР ТСМ·
    Сұрақ

    Компания банктік шоттан үзінді көшірме, селфи, жеке куәлік беруді талап етіп, менің платформамдағы шотымнан ақша төлеу процесін әдейі кешіктіреді.

    Жауап

    «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 13-тармағына сәйкес ойын бизнесін ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында белгіленг...

    ҚР ТСМ·
    Сұрақ

    2024 жылдың тамыз айында мен екінші спортшының жеңісіне арналған теннис матчына онлайн қосымша арқылы ставка жасадым. Оның жеңісін мен теледидардан көрдім. Бұл букмекерлік кеңсе ұтылған ставканы есептеп, ұтысты төлеуден бас тартты. Менің ақшамды алуға көмектесіңіз

    Жауап

    «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 2- тармағына сәйкес Ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысы, мөлшерлемелер қабылдау және өткізілетін құмар ойындар және (немесе) бәс тігу қағидаларын ойын бизнесін ұйымдастырушы ойын мекемесінде, б...

    ҚР ТСМ·
    Сұрақ

    Мен онлайн қызметті пайдаланып, құмар ойындар мен бәс тігуден өзімді шектедім. Бұл ретте букмекерлік кеңсе маған бәс тігуге рұқсат берді және ставканы онлайн қабылдады. Заңнамада бәс тігуге жібергені үшін жауапкершілік қарастырылған ба?

    Жауап

    Заңның 15-1-бабына сәйкес жиырма жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы уәкілетті органға өзін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға шектелген адамдардың тізіміне енгізу туралы өтініш беру арқылы өзін алты айдан он жылға дейінгі мерзімге құмар ойындарға және (...

    ҚР ТСМ·