Қызметкерлер — Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

    Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    5
    Мырзабосынов Ербол Қуантайұлы
    Министр

    Мырзабосынов Ербол Қуантайұлы

    Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі

    Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов 1984 жылы 30 тамызда Семей қаласында дүниеге келген. Семей мемлекеттік педагогикалық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін, Қазақ спорт және туризм академиясын бітірген. PhD докторы. ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

    ТуризмСпортОйын бизнесін және лотереяны реттеу
    Рапиков Бауыржан Серікбайұлы
    Вице-министр

    Рапиков Бауыржан Серікбайұлы

    Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасары

    Рапиков Бауыржан Серікбайұлы 1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, «Тұран-Астана» университетін бітірген.

    Цифрландыру
    Жарасбаев Серік Маратұлы
    Министрінің орынбасары

    Жарасбаев Серік Маратұлы

    Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасары

    Серік Жарасбаев 1984 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Ресей халықаралық олимпиада университетін тәмамдаған.

    Спорт
    Төлебаев Мирас Қалиұлы
    Министрінің орынбасары

    Төлебаев Мирас Қалиұлы

    Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасары

    1986 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

    Туризм
    Серіков Роллан Серікұлы
    Аппарат басшысы

    Серіков Роллан Серікұлы

    ҚР Туризм және спорт министрлігі аппарат басшысы

    Роллан Серікұлы Серіков 1979 жылы дүниеге келген. PhD докторы. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін (Нархоз университеті) тәмамдаған.

    Департаменттер

    12

    Қызмет

    3

    Әдеп жөніндегі уәкіл

    2
    Әдеп жөніндегі уәкіл

    Бейсембин Жанат Дүйсембайұлы

    Әдеп жөніндегі уәкіл

    Бейсембин Жанат Дүйсембайұлы 1986 жылы 17 наурызда дүниеге келген, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін (2008 жыл) «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша, «Тұран-Астана» университетін (2017 жыл) «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша бітірген.

    Басқа қызметкерлер

    2