Бейсембин Жанат Дүйсембайұлы
Әдеп жөніндегі уәкіл
Өмірбаян
Бейсембин Жанат Дүйсембайұлы 1986 жылы 17 наурызда дүниеге келген, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін (2008 жыл) «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша, «Тұран-Астана» университетін (2017 жыл) «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша бітірген.
2009 жылғы наурыз - 2014 жылғы қазан аралығында – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Стратегиялық жоспарлау, ақпараттық-талдау жұмысы, ғылым және жаңа технологиялар департаменті стратегиялық жоспарлау басқармасының бас маманының міндетін уақытша атқарушы, сарапшы, бас сарапшысы лауазымдарын атқарған.
2014 жылғы қазан - 2017 жылғы қараша аралығында – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті ақпараттық-талдау басқармасының бас сарапшысы лауазымында қызмет етті.
2017 жылғы қараша - 2019 жылғы наурыз аралығында – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау департаменті стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы лаузымында еңбек етті.
2019 жылғы сәуір - 2020 жылғы ақпан аралығында – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті сәулет және цифрландыруды енгізу басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарды.
2020 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және жобалау басқармасы департаменті директорының орынбасары қызметін атқарады.
«Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен, ведомстволық наградалармен, алғыс хаттармен, құрмет грамоталарымен марапатталған.