Құрылым — Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

    Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі құрылымы: ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдар.

    Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

    Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

    «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі саласындағы салааралық үйлестіруді және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) комитеті. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, Комитеттің мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен төрағаның немесе оны ауыстырушы тұлғаның бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

    sport
    Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті

    Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті

    «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі салаларында басшылықты жүзеге асыратын Министрліктің ведомствосы. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

    olr
    Туризм индустриясы комитеті

    Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті

    Туризм – экономиканың тұрақты өсіміне серпін беретін негізгі салалардың бірі әрі қарқынды дамып келе жатқан бағыттардың қатарында. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның туризм саласында 600 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Саланың ел экономикасына қосқан үлесі 5 трлн теңгені құрады, ал тартылған инвестициялар көлемі 1,3 трлн теңгеге жетті. Шетелдік туристердің Қазақстандағы шығыстары 2,9 млрд АҚШ долларын құрап, туризм саласынан түскен салық түсімдері 630 млрд теңгеден асты. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын, мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын және саланың жұмысын үйлестіретін уәкілетті орган. Саланы дамытудың негізгі стратегиялық құжаты – Қазақстан Республикасының туристік саласын 2029 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы. Оны іске асыру аясында алты басым бағытты қамтитын 61 іс-шарадан тұратын жаңартылған Іс-қимыл жоспары жүзеге асырылуда. Олар: инженерлік, көліктік және туристік инфрақұрылымды дамыту, инвестициялық ахуалды жақсарту, визалық-көші-қон рәсімдерін жетілдіру, бәсекеге қабілетті туристік өнімдерді қалыптастыру, Қазақстанның туристік әлеуетін ішкі және халықаралық нарықтарда ілгерілету, сондай-ақ білікті кадрлар даярлау. Комитет туристік инфрақұрылымды дамытуға, заңнаманы жетілдіруге, саланы цифрландыруға, инвестиция тартуға және туристік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстарды жүзеге асыруда. Басым бағыттардың қатарында жағажай, экологиялық, іскерлік, медициналық және оқиғалы туризмді дамыту, сондай-ақ ұлттық парктер мен курорттық аймақтардың туристік тартымдылығын арттыру бар. Саланы цифрлық трансформациялауға ерекше көңіл бөлінеді. eQonaq ақпараттық жүйесі жетілдіріліп, AI-көмекші енгізілген бірыңғай ұлттық туристік портал – Kazakhstan.travel дамытылуда. Сонымен қатар туристік бизнеске көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну үдерістері кезең-кезеңімен автоматтандырылуда. Туризм индустриясы комитетінің қарауындағы ұйымдар – «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ және «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» КеАҚ. Аталған ұйымдардың қызметі Қазақстанның туристік әлеуетін ілгерілетуге, туризм индустриясын дамытуға және сала үшін жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталған.

    tourism