Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті

    Комитет туралы

    Туризм – экономиканың тұрақты өсіміне серпін беретін негізгі салалардың бірі әрі қарқынды дамып келе жатқан бағыттардың қатарында. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның туризм саласында 600 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Саланың ел экономикасына қосқан үлесі 5 трлн теңгені құрады, ал тартылған инвестициялар көлемі 1,3 трлн теңгеге жетті. Шетелдік туристердің Қазақстандағы шығыстары 2,9 млрд АҚШ долларын құрап, туризм саласынан түскен салық түсімдері 630 млрд теңгеден асты.

    Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын, мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын және саланың жұмысын үйлестіретін уәкілетті орган.

    Саланы дамытудың негізгі стратегиялық құжаты – Қазақстан Республикасының туристік саласын 2029 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы. Оны іске асыру аясында алты басым бағытты қамтитын 61 іс-шарадан тұратын жаңартылған Іс-қимыл жоспары жүзеге асырылуда. Олар: инженерлік, көліктік және туристік инфрақұрылымды дамыту, инвестициялық ахуалды жақсарту, визалық-көші-қон рәсімдерін жетілдіру, бәсекеге қабілетті туристік өнімдерді қалыптастыру, Қазақстанның туристік әлеуетін ішкі және халықаралық нарықтарда ілгерілету, сондай-ақ білікті кадрлар даярлау.

    Комитет туристік инфрақұрылымды дамытуға, заңнаманы жетілдіруге, саланы цифрландыруға, инвестиция тартуға және туристік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстарды жүзеге асыруда. Басым бағыттардың қатарында жағажай, экологиялық, іскерлік, медициналық және оқиғалы туризмді дамыту, сондай-ақ ұлттық парктер мен курорттық аймақтардың туристік тартымдылығын арттыру бар.

    Саланы цифрлық трансформациялауға ерекше көңіл бөлінеді. eQonaq ақпараттық жүйесі жетілдіріліп, AI-көмекші енгізілген бірыңғай ұлттық туристік портал – Kazakhstan.travel дамытылуда. Сонымен қатар туристік бизнеске көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну үдерістері кезең-кезеңімен автоматтандырылуда.

    Туризм индустриясы комитетінің қарауындағы ұйымдар – «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ және «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» КеАҚ. Аталған ұйымдардың қызметі Қазақстанның туристік әлеуетін ілгерілетуге, туризм индустриясын дамытуға және сала үшін жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталған.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Жұмысшы мамандықтар жылы аясында М. Қозыбаев атындағы СҚУ студенттеріне тәжірибелік экскурсия өтті

    Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының бастамасымен Жұмысшы мамандықтар жылы аясында М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың «Туризм» мамандығы студенттеріне «Самовар» қонақ үйіне экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара студенттердің тәжірибелік дағдыларын кеңейтуге және меймандостық саласындағы кәсіпорындардың жұмысымен танысуға бағытталды. Экскурсия барысында студенттер қонақ үйдің жұмыс үдерісін, қабылдау және орналастыру қызметінің, шаруашылық бөлімінің міндеттерін, сондай-ақ қызметтік стандарттарды сақтау мен нысанды басқару ерекшеліктерін зерделеді. Қатысушылар мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ кәсібінің тәжірибелік қыр-сырымен танысты. Бұл бастама білім беру ұйымдары мен туризм индустриясы арасындағы өзара байланысты нығайтуға, сондай-ақ өңірдің ішкі туризмін дамыту үшін мамандар даярлау сапасын арттыруға ықпал етеді.

    11 желтоқсан 2025 ж.Тікелей
    Северо-Казахстанская область, г. Петропавловск
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті басшыларының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауының 2026 жылдың III тоқсанына арналған КЕСТЕСІ

    Жарияланды: