Жұмысшы мамандықтар жылы аясында М. Қозыбаев атындағы СҚУ студенттеріне тәжірибелік экскурсия өтті

    Орны
    Северо-Казахстанская область, г. Петропавловск
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Жұмысшы мамандықтар жылы аясында М. Қозыбаев атындағы СҚУ студенттеріне тәжірибелік экскурсия өтті
    ЖаңалықтарАяқталды

    Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының бастамасымен Жұмысшы мамандықтар жылы аясында М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың «Туризм» мамандығы студенттеріне «Самовар» қонақ үйіне экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара студенттердің тәжірибелік дағдыларын кеңейтуге және меймандостық саласындағы кәсіпорындардың жұмысымен танысуға бағытталды.

    Экскурсия барысында студенттер қонақ үйдің жұмыс үдерісін, қабылдау және орналастыру қызметінің, шаруашылық бөлімінің міндеттерін, сондай-ақ қызметтік стандарттарды сақтау мен нысанды басқару ерекшеліктерін зерделеді. Қатысушылар мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ кәсібінің тәжірибелік қыр-сырымен танысты.

    Бұл бастама білім беру ұйымдары мен туризм индустриясы арасындағы өзара байланысты нығайтуға, сондай-ақ өңірдің ішкі туризмін дамыту үшін мамандар даярлау сапасын арттыруға ықпал етеді.

    Туризм саласындағы инвестициялық жобалар

    Ұқсас материалдар

    Азия кубогыАяқталды

    Тоғыз елдің саятшылары Шығыс Қазақстанда бас қосады: «Шығыс Салбұрыны – 2026» Азия кубогі өтеді

    Нақтырақ осы жерде

    9 қазан 2026 ж.Тікелей
    Восточно-Казахстанская область, Уланский район, Бозанбайский сельский округ, урочище «Бүркіт төбе»Туризм индустриясы комитеті