Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туристік қызмет саласындағы кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңестің құрамын қалыптастыру үшін конкурс жариялайды.
І. Салалық бағыттың атауы
Туристік қызмет саласындағы кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңес.
ІІ. Салалық кеңестің негізгі мақсаты мен өкілеттіктері
Салалық кеңестің мақсаты туристік қызмет саласында кәсіптік біліктілікті дамыту жөніндегі мәселелерді үйлестіру болып табылады.
Осы мақсатты орындау үшін салалық кеңес:
жұмыс органы әзірлеген туристік қызмет саласындағы салалық біліктілік шеңберлерін бекітеді;
жұмыс органы әзірлеген туристік қызмет саласындағы кәсіптік стандарттарды келіседі;
жұмыс органының кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарын келіседі;
жұмыс органының туристік қызмет саласындағы кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөніндегі ұсыныстарын келіседі;
кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша жұмыс органының ұсыныстарын келіседі.
III. Салалық кеңестің құрамына енгізу үшін ұсынылатын құжаттар
Салалық кеңестің құрамына енгізу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
жазбаша өтініш;
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес тиісті саладағы (сектордағы) жұмыс тәжірибесін растайтын құжат.
IV.Құжаттарды қабылдау мерзімі мен тәртібі
Салалық кеңесті құру туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде жұмыс тәжірибесін растайтын құжат қоса берілген өтінішті қолма-қол немесе [email protected] электронды пошта мекенжайына жолдауға болады.