Түркістан облысында есірткі қылмысының алдын алу мәселелері талқыланды

    Түркістан облысында есірткі қылмысының алдын алу мәселелері талқыланды

    Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күреске бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабтың отырысы өтті.

    Жиынға Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Түркістан облысы бойынша өкілдігінің бас маманы Н. Құдайберген қатысты.

    Отырыс барысында есірткінің заңсыз айналымына тосқауыл қою, синтетикалық есірткінің таралуының алдын алу, жастар арасында профилактикалық жұмыстарды күшейту, интернет кеңістігіндегі есірткі жарнамаларына қарсы іс-қимыл, сондай-ақ дәрілік заттарды заңсыз және рецептісіз сатуға жол бермеу мәселелері қаралды.

    Сонымен қатар, жауапты мемлекеттік органдардың атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері талқыланып, есірткі қылмыстарының алдын алу бағытындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды одан әрі күшейту қажеттігі атап өтілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі" жаңалықтары