
Бүгін Научное ауылындағы СДК ғимаратында Белоглинка ауылдық округінің әкімі Ж.Б. Баймұхановтың Научное ауылының тұрғындарымен кездесуі өтті.
Кездесу барысында ауылдық округ әкімі Ж.Б. Баймұханов 2026 жылдың 9 айындағы Белоглинка ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп берді.
Кездесу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға заңдылық, адалдық және парасаттылықтың негізгі қағидаттары, сондай-ақ күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Сонымен қатар, интернет-алаяқтықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға, Интернет желісіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға және электрондық сервистерді пайдалану, сондай-ақ онлайн төлемдер жасау кезінде қырағылық таныту қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті түсініктемелер алды.







