Әкімнің халықпен кездесуі
13 қазан күні сағат 10:00-де Белоглин ауылының Мәдениет үйінде Белоглин ауылдық округінің әкімі мен учаскелік полиция инспекторының Белоглин ауылының тұрғындарымен кезекті кездесуі өтеді.
Белоглин ауылдық округі әкімінің аппараты (бұдан әрі – әкімнің аппараты) ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі - әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституцияна және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Ашу
Ашу
Ашу
Ашу
Ашу13 қазан күні сағат 10:00-де Белоглин ауылының Мәдениет үйінде Белоглин ауылдық округінің әкімі мен учаскелік полиция инспекторының Белоглин ауылының тұрғындарымен кезекті кездесуі өтеді.
«Белоглин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзінің қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізілетінін хабарлайды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде әзірленген ұсынымдар мен талдау нәтижелерін ашық жария талқылауға жұмыс тобының мүшелері, қоғамдық кеңес мүшелері, жұртшылық өкілдері, сарапшылар, сондай-ақ Белоглин ауылдық округінің тұрғындары шақырылады. Жария талқылау 2026 жылғы 11 маусымда (бейсенбі) сағат 15:00-де офлайн форматта өтеді. Өтетін орны: Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Белоглин ауылы, А. Иманов көшесі, 11-үй, Белоглин ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты.
2026 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша Белоглин ауылдық округі әкімі Ж.Б. Баймұхановтың есеп беру кездесуі өтеді. Уақыт: 9:00
2026 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша Белоглин ауылдық округі әкімі Ж.Б. Баймұхановтың есеп беру кездесуі өтеді. Уақыт: 14:30
Хабарландыру Қарабалық ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізеді, ол 2026 жылғы 23 қарашада сағат 10-00-де Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтов көшесі 31, (Қарабалық ауданы әкімдігінің ғимараты) мекенжайы бойынша өтеді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу «Қарабалық ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ-де өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 2026 жылғы 02 қарашадан бастап 2026 жылғы 20 қарашаға дейін (қабылдау уақыты сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, түскі үзіліспен сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін) он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Мекен-жайы: Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтов көшесі 16. Конкурсқа қатысуға өтінім қағаз жеткізгіште қолма-қол не почта арқылы немесе «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін беріледі. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы берілген конкурсқа қатысуға өтінім аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы келіп түседі. Конкурсқа қатысу үшін конкурстық ұсыныс аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін он бес жұмыс күні ішінде қолма-қол енгізіледі, содан кейін өтінім электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеледі. Сонымен қатар, 2025 жылғы 26 тамызда шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Жоғарыда көрсетілген қағидалар енгізілген өзгерістермен «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық - құқықтық жүйесінің порталында орналастырылған. Конкурстық ұсыныстарды дайындау кезінде жоғарыда көрсетілген өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Жалға алу құқығын беру жөніндегі конкурсқа қойылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі № р/б Орнасласқан жері Жалпы алаңы, га Жер құрамы Сапа сипаттамасы Бонитет баллы Сумен жабдықтау Жалдау мерзімі Ауылшаруашылық мамандануы егістік жайылым 1. Өрнек ауылдық округі, № 47 алаң 73,7 73,31 0,0 Қарапайым қара топырақтар 32 Жоқ 10 Мал шаруашылығы, Өсімдік шаруашалағы
А.Ж.Т. Лауазым Қабылдау күні мен уақыты Телефонның қызмет нөмірі Мекен -жайы Жандос Берикович Баймуханов ауылдық округінің әкімі сейсенбі, бейсенбі сағат 9:00 – 12:00-ге дейін 28-7-45 Белоглин ауылы А. Иманов көшесі, 11 Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау регламентіне сәйкес қабылдауға жазуды "Электрондық үкімет" порталынан электрондық түрде келіп түсетін, белгіленген нысандағы өтініштердің негізінде қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер жүзеге асырады. egov.kz", сондай-ақ жазбаша өтініштерді пошта арқылы және қолма-қол ұсынады. Жеке қабылдауға жазылу бойынша кеңесті28-7-10телефоны бойынша алуға болады Белоглин ауылдық округі әкімі аппаратының мекенжайы:Белоглин ауылы, А. Иманов көшесі,11 «Белоглин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Белоглин ауылдық әкімі аппараты қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасын бұзу фактілері туралы 28-7-45 сенім телефонына хабарлауге болатынын хабарлайды.
«Tort Tulik»мобильді қосымшасын пайдалана отырып, ветеринария саласында цифрлық құралдарды енгізу
Белоглин ауылдық округінің құрметті тұрғындары! Белоглин ауылдық округінің аумағында санитарлық салауаттылықты қамтамасыз ету, тазалық пен тәртіпті сақтау мақсатында абаттандыру Ережелерінің сақталуын бақылау бойынша рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіледі. Бұзушылықтар анықталған жағдайда, кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505 және 434-2 баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Меншік иелері мен жер пайдаланушылардың міндеттері Қостанай облысы қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Ережелеріне сәйкес, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалар: іргелес аумақтың санитарлық күтімін және абаттандырылуын қамтамасыз етуге; оны күтіп-ұстау жұмыстарын өз бетінше орындауға не мамандандырылған ұйыммен шарт жасасуға міндетті. Іргелес аумақ — жеке және заңды тұлғалардың меншігінде, пайдалануында, жалдауында немесе балансында тұрған ғимараттарға, құрылыстарға, қоршауларға, сауда, жарнама объектілеріне және басқа да объектілерге тікелей жанасатын, периметрі бойынша ені 5 метрге дейінгі аумақ. Келесі талаптарды сақтау қажет қамыс, арамшөп, шөп және өзге де арам өсімдіктерді уақтылы шауып, шығару; тұрмыстық, ірі көлемді және өзге де қоқыстарды үнемі жинап, шығару; өз жер учаскесінің шегінен тыс жерлерде құрылыс материалдарын, құрылыс қоқысын және басқа да заттарды жинақтауға жол бермеу; көңді, күлді, сабанды және ауыл шаруашылығы қызметінің басқа да қалдықтарын уақтылы шығару; тұрғын үйлердің, шаруашылық құрылыстары мен қоршаулардың қасбеттерін жарамды және эстетикалық күйде ұстау (сырлау, әктеу, жөндеу); сұйық тұрмыстық қалдықтарды төгуге және белгіленбеген жерлерге қоқыс тастауға жол бермеу; іргелес аумақта тазалықты сақтау және рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің пайда болуына жол бермеу. Әкімшілік жауапкершілік Абаттандыру Ережелерін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК 505-бабы) Жеке тұлғалар үшін: алғашқы бұзушылық — ескерту немесе 20 АЕК мөлшерінде айыппұл; жыл ішінде қайталанған бұзушылық — 30 АЕК мөлшерінде айыппұл. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін: алғашқы бұзушылық — 30 АЕК айыппұл; жыл ішінде қайталанған бұзушылық — 40 АЕК айыппұл. Ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін (ҚР ӘҚБтК 434-2-бабы) Ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлерді, көшелерді ластағаны, сондай-ақ коммуналдық қалдықтарды белгіленбеген жерлерге тастағаны үшін жауапкершілік көзделген: алғашқы бұзушылық — 10 АЕК айыппұл не 40 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту; жыл ішінде қайталанған бұзушылық — 20 АЕК айыппұл не 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту. Құрметті тұрғындар! Біздің ауылдық округіміздің тазалығы, тәртібі және абаттандырылған көрінісі әрқайсымызға байланысты. Сіздерден Абаттандыру Ережелерінің талаптарын сақтауларыңызды, қоршаған ортаға ұқыпты қарауларыңызды, іргелес аумақты уақтылы ретке келтіріп отыруларыңызды және заңнаманы бұзушылықтарға жол бермеулеріңізді сұраймыз. Тек бірлескен күш-жігерімізбен ғана біз Белоглин ауылдық округін таза, жайлы және өмір сүруге қолайлы етеміз!
2026 жылдың III тоқсанындағы «Қарабалық ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі» ММ жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау Кестесі Лауазымы Т.А.Ж. Қабылдаудың күні мен уақыты Қызмет телефоны Мекен жайы Бөлім басшысы Кайрат Мухтарович Баймуханов Әр сәрсенбісі 14:30 бастап 17:00 дейін 7-90-49 Қарабалық к. Космонавтар көш., 31 Бөлім басшының орынбасары Зейналова Светлана Абильферзовна Әр бейсенбісі 14:30 бастап 17:00 дейін 3-36-62 Қарабалық к. Космонавтар көш., 31 Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау регламентіне сәйкес қабылдауға жазуды «egov.kz» Электрондық үкімет порталынан электрондық түрде келіп түсетін белгіленген нысандағы өтініштердің, сондай-ақ пошта арқылы және қолма-қол берілетін жазбаша өтініштердің негізінде қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер жүзеге асырады. Жеке қабылдауға жазылу бойынша кеңесті 3-36-62 телефоны бойынша алуға болады.
2026 жылғы III тоқсанға арналған «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі А.Ж.Т. Лауазым Азаматтарды қабылдаукүні мен уақыты қызметтік телефон нөмірі Мекен жайы Гульмира Сагындыковна Кукубаева Бөлім басшысының міндетін атқарушы Әр апта сайын сәрсенбі күні сағат 10-нан 13-ге дейін 7-90-25 Қарабалық кенті, Космонавтов көшесі,31 «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі»ММ Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдептілік кодекс нормаларын бұзу фактілері туралы 3-27-97 сенім телефоны арқылы айтуға болатынын хабарлайды. Мемлекеттік қызметшілерінің этикасын бақылау кітабы мекенжай бойынша орналасқан: Қарабалық кенті, Космонавтов көшесі 31, каб. № 215