Созақ ауданындағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына мониторинг жүргізілді

    Созақ ауданындағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына мониторинг жүргізілді

    Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілінің 2026 жылдың II жартыжылдығына арналған мекемелерге бару жөніндегі жұмыс жоспарына сәйкес, Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығы» КММ-не Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі Қожабекова Наталья Сунгатовна және Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және талдау бөлімінің бас маманы Мырзахаев Рауан Талғатұлы бірлесіп мониторинг жүргізді.

    Мониторинг барысында қызмет алушылардың құқықтарының сақталуы, арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілу сапасы, тұрмыстық жағдайлар, санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуы және қауіпсіздік мәселелері зерделенді.

    Мониторинг нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жою және қызмет алушылардың құқықтарын тиісінше қамтамасыз ету мақсатында тиісті ұсынымдар енгізілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі" жаңалықтары