Заңсыз жұмыс істегендер: шетел азаматтарының болу ережелерін бұзуының 76 фактісі анықталды

    Заңсыз жұмыс істегендер: шетел азаматтарының болу ережелерін бұзуының 76 фактісі анықталды

    -Павлодар облысының аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңсыз көші-қонның жолын кесу, сондай-ақ шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу тәртібін бұзу фактілерін анықтауға бағытталған «Нелегал-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңі жалғасуда, - деп хабарлайды өңірдің Полиция департаменті.
    Іс-шараның екі күнінде Қазақстан Республикасының аумағында болу ережелерін бұзған 76 шетел азаматы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
    - Шетелдік жұмыс күшін пайдалануға тыйым салынғанына қарамастан,
    жосықсыз жұмыс берушілер тарапынан көші-қон заңнамасының талаптарын бұзу фактілері орын алуда.
    Мәселен, 6 қазан күні Павлодар қаласында Естай көшесіндегі дәмханалардың бірінде тиісті құжаттарсыз асүй жұмысшылары ретінде заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған көрші мемлекеттің үш азаматы ұсталды. Болу ережелерін бұзғаны үшін құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
    Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасының талаптарын бұза отырып, шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін жұмыс берушіге қатысты да материал толтырылып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
    Павлодар облысының Полиция департаменті Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарын көші-қон заңнамасының талаптарын сақтауға шақырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Полиция департаменті" жаңалықтары