Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары

    Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары

    ✅Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкері Жұмабекова Салтанат Мырзабекқызы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Самар, Тарбағатай, Ұлан, Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарының білім бөлімдерінің өкілдері мен мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына арналған түсіндіру кездесуін өткізді. Кездесу барысында мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау тәртібі мен оған қойылатын негізгі талаптар, қажетті құжаттарды рәсімдеу және ұсыну мәселелері, сондай-ақ лицензиялық талаптар мен шарттар кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар лицензия алу рәсіміне дайындықтың практикалық аспектілеріне, ұйымдардың материалдық-техникалық базасына, кадрлық әлеуетіне, білім беру процесін ұйымдастыруына және тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарға ерекше назар аударылды. Қатысушыларға №473 бұйрық талаптарына қатысты толық түсіндірмелер беріліп, туындаған сұрақтарына жауаптар ұсынылды. Сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау рәсіміне сапалы дайындау бойынша практикалық ұсынымдар берілді. Кездесу барысында қолданыстағы талаптарды орындау кезінде туындайтын өзекті мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары бойынша тиісті түсініктемелер берілді. Іс-шара қорытындысы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың лицензиялық талаптарды сақтауын қамтамасыз ету және алдағы жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастыру бойынша ұсынымдар ұсынылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары