
Павлодар облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін Ekin-Patrol жүйесімен жабдықталған патрульдік автокөліктер пайдаланылуда, деп хабарлайды Павлодар облысының Полиция департаменті.
Жүйе автоматты режимде жұмыс істейді және полиция қызметкерінің тікелей қатысуын қажет етпейді. Ол жол қозғалысы ережелерінің әртүрлі бұзушылықтарын тіркеп, көлік құралдарының мемлекеттік нөмірлік белгілерін таниды. Одан кейін көлік құралдары берешектердің, тыйым салулардың және іздеудің бар-жоғын анықтау мақсатында тиісті дерекқорлар бойынша тексеріледі.
Полиция мәліметінше, жыл басынан бері облыс аумағында Ekin-Patrol жүйесі орнатылған автокөліктердің көмегімен 17 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілген.
Ведомствода атап өткендей, қабылданып жатқан шаралар ең алдымен жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Полиция жүргізушілерді жолда мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерінің талаптарын қатаң сақтауға шақырады.









